Чехиялық команда 2022 жылғы маусымнан бері трансферлерінен пайдаға кеңелуде.
2022 жылы “Спарта” ұжымы қос ойыншысын басқа командаға тиімді сатып жіберді. Атап айтсақ, Томас Ганцко “Фиорентинадан” 2,50 млн еуроға келіп, бір маусымнан кейін “Фейеноордқа” 8,30 млн еуроға сатылды. Тағы бір сәтті сатылым саналған Адам Гложекке Прага тиында шығармады. Өз тәрбиеленушісі болған шабуылшы 13 млн еуроға “Байер” сапын толықтырды.
2023/24 жылғы маусымда “Спарта” “Яблонецтен” 500 мың еуроға Томас Цванцараны алып, 10,50 млн еуроға “Боруссия” Менхенгладбахқа сата салды. Ал неміс ұжымы шабуылшыны “Антальяспорға” жалға берді.
2024/25 жылғы маусымда Чехия командасы Брно деген жерден жас потенциалы жоғары Владислав Крейчиді клубқа алдыртып алады. “Спарта” қорғаушы үшін сол уақытта 310 мың еуро төледі. Екі-үш маусым өткен соң, тәжірибесі шындалған Крейчи “Жиронаға” 8 млн еуроға сатылды.
Клуб бұнымен тоқтап қалмады. Осы маусымда да “Спарта” Прага команда түлегі Мартин Витикті "Болоньяға" 11 млн еуроға жіберді. Чехиялық ұжым өз ойыншыларын еркін агент қылып, сирек жағдайда жібереді. Болмады дегенде “Спартадан” аяқдопшылар жалға кетеді. Осыдан түскен ақшаға команда болашақ сәтті трансферлеріне инвестиция жасап жатқан жайы бар.
Біздің серіктес: FONBET