Мәскеулік «Спартак» командасы жартылай қорғаушы Роман Зобнинмен арадағы келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұл туралы Metaratings.ru порталы хабарлайды.
Ақпарат көзінің мәліметінше, клуб пен футболшы арасында келісімшартты ұзарту жөнінде әлі ешқандай келіссөз жүргізілген жоқ. Айта кетейік, Зобниннің қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазында аяқталады.
Келісімшарт мәселесіне қыста қайта оралуы мүмкін, алайда егер тараптар ортақ мәмілеге келмесе, жартылай қорғаушы маусым соңында командадан еркін агент ретінде кетуі ықтимал.
Роман Зобнин «Спартак» сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2025/26 маусымында ол әзірге тек екі матчта ғана алаңға шыққан — «Мир» РПЛ аясында «Динамо» (Махачқала) және «Акронға» қарсы кездесулерде алмастыру арқылы ойынға қосылып, бар болғаны 12 минут өткізді.
Біздің серіктес: FONBET