Шымкенттік “Ордабасы” айналасындағы трансферлік қауесетке нүкте қойылды. Мәскеулік “Спартактың” жұлдызды шабуылшысы Тео Бонгонданың Қазақстан Премьер лигасына келуі туралы ақпарат жанкүйерлер арасында үлкен талқылау тудырған болатын, деп хабарлайды Aladop.kz.
Шабуылшы 2023 жылдан бері "Спартак" сапында өнер көрсетіп келеді.
Қазақстандық "Ордабасы” клубының президенті Дархан Қызайбаев команданың "Спартактың" 30 жастағы шабуылшысы Тео Бонгондаға деген қызығушылығына қатысты пікір білдірді. Функционер бұған дейін "Ордабасының” Бонгондаға шынымен де қызығушылық танытқанын растады. Алайда, қазіргі уақытта клуб шабуылшыны сатып алу мүмкіндігін қарастырып отырған жоқ.
"Бұған дейін біз "Спартактан” Тео Бонгондаға шынымен қызықтық, ол өте мықты ойыншы — оның деңгейі ҚПЛ-дан жоғары. Бірақ қазіргі сәтте Конголық футболшы біздің қызығушылықтар тізіміне кірмейді. Қысқы трансферлік терезеде біз төрт ойыншымен келісімшарт жасастық, ал жазда тағы екі-үш күшейтуді жоспарлап отырмыз. Жазда біз Тео Бонгонданы қатарға қоспаймыз, сондықтан бұл ойыншы бұдан былай клубымыздың назарында емес деп айта аламын. Мен сіздерге жүз пайыз кепілдік беремін — осы жазда Бонгонда "Ордабасыда" болмайды."— деді Қызайбаев.
Бонгонда "Спартакқа" Испаниялық "Кадис" клубынан ауысқан болатын. Осы маусымда шабуылшы клуб сапында 6 матч өткізіп, нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түсе алмады.
Біздің серіктес: FONBET