Жарнама
Жарнама

“Спортинг” бас бапкері: “Қайратты” бағаламау – үлкен қателік” Португалиялықтар “Селтиктің” кебін киюден сақтануда

18.09.2025, 15:30

Лиссабондық “Спортингтің” бас бапкері Руи Боржеш алдағы “Қайратқа” қарсы өтетін матч жайлы өз пікірін білдірді. Португалиялық клубтың жаттықтырушысы қарсыласты бағаламауға болмайтынын ерекше атап өтті.

Жарнама
Жарнама

“Қарсыласымыз үшін бұл Чемпиондар лигасының алғашқы маусымы, бірақ олар бұл жерде лайықты түрде тұр. Олардың негізгі кезеңге өту үшін кімнен басым түскенін қараңыздар, біз де сол командамен маусым алдындағы кездесуде ойнадық және оңай болған жоқ. “Селтик” оларға екі матчта да гол соға алмады, ал “Қайрат” допқа аз ие болса да, көбірек мүмкіндік жасай білді.

Олар өз чемпионатында көш бастап тұр, 33 матч өткізіп үлгерді және қорғанысы мықты команда екенін дәлелдеді. Бұл ертең бізді қандай сынақ күтіп тұрғанын айқын көрсетеді. Мен ойыншыларымның қарсылас атауына қарамай, бұл матчтың қаншалықты қиын болатынын жақсы түсінетініне сенемін.” – деді Боржеш ойын алдындағы баспасөз мәслихатында.

“Спортинг” пен “Қайрат” арасындағы тарихи кездесу бүгін түнде Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров