Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы турда өткен “Спортинг” – “Қайрат” матчы Қазақстан футбол тарихында есте қаларлық оқиғалардың бірі болды. Лиссабонда өткен кездесу 38 696 көрермен жиналып, Қазақстандық клубтардың қатысуымен өткен ең көп жанкүйер жиналған Еурокубок ойындарының үздік бестігіне енді.
“Жозе Алваладе” стадионының сыйымдылығы 52 095 орын екенін ескерсек, аренаның 74%-ы толған. Матч 1:4 есебімен “Қайраттың” жеңілісімен аяқталғанымен, жанкүйерлер саны бойынша ерекше көрсеткіш тіркелді.
Қазақстандық клубтардың қатысуымен ең көп жанкүйер жиналған 5 матч:
1. “Селтик” – “Қайрат” (0:0), ЧЛ-2025/26 — 56 182 жанкүйер
2. “Селтик” – “Астана” (5:0), ЧЛ-2017/18 — 54 016 жанкүйер
3. “Селтик” – “Астана” (2:1), ЧЛ-2016/17 — 52 952 жанкүйер
4. “Селтик” – “Шахтер” (3:0), ЧЛ-2013/14 — 50 063 жанкүйер
5. “Спортинг” – “Қайрат” (4:1), ЧЛ-2025/26 — 38 696 жанкүйер
Алтыншы орында – 2015 жылғы “Атлетико” – “Астана” (4:0) матчы. Оны Мадридтегі “Висенте Кальдерон” стадионында 33 853 жанкүйер тамашалаған.
KazFootball.kz
Біздің серіктес: FONBET