Жарнама
Жарнама

«Спортинг» - «Қайрат»: Сарапшылар ҚПЛ чемпионынан сенсация күтеді. Алматылық клуб бүгін қандай басымдыққа ие?

17.09.2025, 15:40

«Аладоп.кз» танымал маман Болат Есмағамбетовпен хабарласып, «Қайраттың» ЧЛ негізгі кезеңіндегі дебюттік кездесудегі мүмкіндігі жайлы сұрады.

"Ордабасы" ФК футболшылары
Жарнама
Жарнама

Бүгін алматылық ұжым сырт алаңда «Спортингке» қарсы тұрады.  

«Қайрат» сол өзінің әдеттегі тактикасына сенім артатын шығар. «Көп гол жіберіп алмайыншы деп» қорғанысқа жатып алады деп ойламаймын. Плей-офф емес, сол үшін алматылық клуб қорықпай ойнауы тиіс. Негізінен қарымта шабуылдарға иек артады деп күтемін. Кеше «Бенфика» қанша мықты команда болғанымен, «Карабах» не істеді? 2 голмен ұтылып тұрып, жеңісті жұлып ала алды. «Қайрат» неге солай ұта алмайды? Тең-түссе де тақиямызға тар келмейтін еді, ал жеңіске жетіп жатса, тіптен керемет! Қалай дегенде де бүгін «Қайратқа» сәттілік тілейміз», - деді танымал бапкер ойын түйіндеп.  

Айта кетейік, ЧЛ 2-туры аясында Алматыда «Қайрат» - «Реал» Мадрид кездесуі өтеді. Билетттер сатылымға 20-қыркүйекте шығады деп мәлім етілген болатын.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров