Жарнама
Жарнама

«Спортинг» шынымен-қа екі бас жоғары ма? Сарапшылар «Қайратты» «құртқан» басты факторды атады

19.09.2025, 15:01

«Аладоп.кз» қазақстандық бапкер Болат Есмағамбетовтен сұқбаты алып, «Спортинг» - «Қайрат» кездесуіне байланысты пікірін сұрады.

"Спортинг" - "Қайрат" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Танымал маман матчтағы шешуші рөл атқарған факторларды тілге тиек еткен болатын.

«Бұл матчтағы маңызды момент - 60-минутта «Спортинг» бапкері 3 футболшыны шығарды. Мұны тактикалық замена дейді және ол өз жемісін берді. Бұл да бапкерлік шеберлік, өйткені сол 3 футболшы үш минут ішіндегі голдарға тікелей атсалысқан болатын. Ал 4:0-ден кейін матчтың тағдыры шешіліп қойғаны түсінікті еді. Әйтсе де, жігіттерге рахмет айту керек, қорықпай ойнады. Гол салатын мүмкіндіктері болды, стандартты жағдайлар да солай. Бірақ, бәрібір де ойын соңында біздің команда әдемі гол соғып кетті. Мұнда «Қайраттың» бапкерлік құрамы дәл тапты, голды алаңға жаңадан шыққан ойыншылар ұйымдастырған. Қорыта айтқанда, барлығын алаң иелері сапындағы футболшылардың жеке шеберлігі шешіп кетті», - деді Б. Есмағамбетов.

Енді ЧЛ 2-туры аясында «Қайрат» - «Реал» Мадридті қабылдайды. Бұл бәсеке 30-қыркүйекте өтеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров