«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза кеше «Ақтөбеге» қарсы ойыннан кейін өзінің дебюті жайлы әсерімен бөлісті.
Алматылықтардың негізгі құрамында ойынды Темірлан Анарбеков бастаған болатын. Алайда, негізгі қақпашы матч барысында ауыр жарақат алған соң Шерхан кездеуге араласуға мәжбүр болған еді.
«Ең біріншіден жанкүйерлерге рахмет айтқым келеді! Бапкерлеріме де сенім артқандарына рахмет және отбасыма! Осы жерге ата-анамның арқасында келдім. Екіншіден айтқым келгені, Темірлан Анарбеков тезірек сауығып кетсін. Өте ауыр жарақат. Тезірек жазылып кет!», - деді Ш. Қалмұрза клубтың баспасөз-қызметіне.
18 жасар қақпашы кеше «Қайраттың» жеңіске жетуіне өз үлесін қосты. Алматылық клуб өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсіп (1:0), премьер-лиганың көшін бастады.
Біздің серіктес: FONBET