Жарнама
Жарнама

Sportskeeda: “Қайрат” плей-оффқа шығады”

12.08.2025, 10:45

Sportskeeda порталының сарапшылары Алматының "Қайраты" мен Братиславаның "Слованы" арасындағы жауапты матчтағы Қазақстандық клубтың мүмкіндіктеріне қатысты өз пікірлерін білдірді.

Жарнама
Жарнама

Олардың болжамынша, кездесу 1:1 есебімен аяқталады. Мұндай нәтиже Қазақстандық командаға турнирдің плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік береді, онда қарсылас та белгілі болып қойған.

Айта кетсек, алдағы ойын екі клуб тарихындағы тек екінші кездесу болмақ. Бұған дейін "Слован” Қазақстандық клубтармен үш рет ойнап, бір жеңіс, бір тең ойын және бір жеңіліс. "Қайрат" болса, Словакия өкілдеріне қарсы үш ойын өткізіп, екеуінде жеңіске жетіп, бір рет ұтылған.

"Слован" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне алғаш рет тек өткен маусымда жолдама алған. Алайда 36 команданың ішінде 35-орын алып, жарысты аяқтады. "Қайрат” үшін қазіргі үшінші іріктеу кезеңі тарихи белес, өйткені бұған дейін команда ешқашан басты еурокубоктың іріктеуінде мұншалықты алға жылжымаған.

Еске салайық, Алматыда өткен алғашқы ойында Рафаэль Уразбахтин шәкірттері 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Жалғыз голды 90-минутта пенальтиден 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтбаев соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров