Жарнама
Жарнама

Срджан Благоевич: «Алдағы уақытта тек жақсы ойын көрсетеміз деген үміттемін»

04.04.2022, 14:15
Елордалық клуб маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Мақтааралмен» өткен ойын (3:0) туралы өз ойымен бөлісті:

– Команданың бүгінгі ойыны көңілімнен шықты. Не дегенмен, 3:0 есебімен жеңу оңай емес. Ойынның басында жігіттер есеп ашты, бұл өз кезегінде үлкен сенімділік сыйлады. Допты да толық бақылауда ұстадық, қарсыластарға мүмкіндік бермедік деуге болады. 

Алдыңғы ойындармен салыстыратын болсақ, бұл матч жоғары деңгейде өтті. Ойыншыларды жеңісімен құттықтаймын. 

Кездесу ойымыздан шыққанымен, соңғы 15 минутта қауіпті сәттер болды. Міндетті түрде ойынды толығымен талдап, қателіктерді талқылаймыз. Бастысы, алдағы уақытта тек жақсы ойын көрсетеміз деген үміттемін. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров