Жарнама
Жарнама

Срджан Благоевич: «Астананың» барлық жас ойыншыларына мүмкіндік бергім келеді»

23.12.2021, 16:44
Сербиялық маман жаттығу жиынын қашан бастайтындарын да айтты.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында жаттығу жиынын қашан бастайтындарын және жаңадан қосылуы мүмкін ойыншылар туралы айтты:

– Соңғы бір айда демалыстан гөрі көп жұмыс жасадым деп айта аламын. Алғашқы кездесуде алдымызда көп жұмыс бар, оны бәріміз бірге аяқтауға тырысамыз деген едім. Сол себепті де «Астанаға» келдім.

«Астананың» келесі жылы қандай құрамда болатыны барлығын қызықтырады. Біз алғашқы қадамдарды жасап қойдық. Яғни үш ойыншымен, атап айтқанда Бейсебеков, Қуат және Заруцкиймен жаңа келісім-шарт жасастық. Бүгіннен бастап біз команда құру үшін жұмысты күшейтетін боламыз. Біз белгілі бір ойыншыларға нақты ұсыныстар жасауға тырысамыз. Әрине, көптеген ойыншыларды бақылап, бір шешімге келдік. Алғымыз келетін дүниені алу үшін бізде жақсы мүмкіндіктер мен сапалы шешімдер болады деп үміттенемін. 

8 қаңтарда біз Анталия қаласында маусымға дайындықты бастаймыз. Жиында 55 жаттығу мен 6-7 бақылау ойындарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Қарсыластар әлі анықталған жоқ. Белгілі болған кезде жариялаймыз. 25-нен кейін үш күн демаламыз, содан кейін екінші жиын басталады. 15 ақпанда біз Нұр-Сұлтанға оралып, өз қаламызда бір аптаға жуық жаттығамыз, содан кейін маусым Қазақстан Суперкубогімен басталады.

Әрине, қазір «Астана» тізімінде тұрған барлық жас ойыншылар бізбен екінші жиыннан өтеді. Мен осы тізімдегі әр ойыншыны көргім келеді. Олардың өздерін көрсетуге мүмкіндіктері бар. Барлығына мүмкіндік беруге дайынмын. Бір ойыншы болсын сенімді ақтайды деп үміттенемін

«Каспийдің» ойынын көргендер менің қандай стильді ұнататынымды түсінеді. Командаға жаңа идеялар, жаңа энергия әкелуге тырысамыз деп уәде бере аламын. Жаттықтырушылар штабы және мен «Астана» жанкүйерлерін қуанту үшін бар күшімізді саламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров