Жарнама
Жарнама

Срджан Благоевич: «Ауа-райының әсерінен әдемі ойын көрсете алмадық»

22.05.2022, 17:23
Станислав Басманов елордалық клубты екінші рет жеңілістен құтқарды.
Жарнама
Жарнама

«Астана» клубының бас бапкері Срджан Благоевич «Атыраумен» болған ойын (1:1) жайында пікір білдірді:

– Ауа-райына байланысты өте қиын ойын болды: желдің күштілігінен әдемі ойын көрсете алмадық. Оған біз ойнап үйренбеген алаңды қосыңыз, аз уақыт ішінде алаңға бейімделіп үлгермедік. Әсіресе бірінші таймда жолымыз болмады, оны бәріңіз де байқадыңыздар. Мүмкін, «Атырау» сынды өте жақсы командаға қарсы деңгейі жоғары ойын көрсетуге ойыншылардың күш-қуаты жетіспеген шығар. Өз алаңында «Тобыл», «Қайратты» ұтқан команда екені белгілі. Ойын қиынға соғады деп күткен едік, дәл солай болды.

Ойын кезінде біз дұрыс қолдана алмаған сәттер болды. Екінші таймда жағымсыз жайттар орын алды, қазір ол жайында тарқатып айта алмаймын. Бірнеше ойында сұрақтар туындайтын, мазалайтын осындай жайттар болды.

Ойыннан бір ойыншымыз шеттетілді, сол сәтте гол жіберіп алдық. Артынан есепті теңестіру қиынға соқты, бірақ жолымыз болды деп айтуға болады. Осы сәтті пайдаланып, командамыздың жас ойыншысы Станислав Басмановты ерекше атап өтіп, алғыс айтқым келеді. Ол екінші рет ойынның соңғы минуттарында гол соғып, командаға ұпай сыйлады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров