Жарнама
Жарнама

Срджан Благоевич: «Бәрін нөлден бастаймыз деп айта аламын»

24.11.2021, 03:00
Елордалық клуб келесі жылы жастарға сенім артады.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич елордалық клубқа ауысқаннан кейінгі алғашқы сұхбатын берді.

- Тілектеріңіз үшін рахмет. Дәл қазір сіздердің алдарыңызда тұрғаныма қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен қадам және прогресс деп санаймын. «Астананың» бас бапкері болғаныма қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен сынақ. Біздің жаттықтырушылар штабы «Астанаға» жаңа нәрсе береді, ал клуб өз кезегінде маған жаттықтырушы ретінде ілгерілеуге көмектеседі деп сенемін.

Біз басшылықпен алдағы жоспарларды талқыладық. Бәрін нөлден бастаймыз деп айта аламын. Бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Алдымен жақсартуды қажет ететін нәрселерді талдаймыз. Белгілі бір жұмыстан кейін ғана қандай мақсат қоятынымызды, не істеуіміз керек екенімізді айта аламыз. «Астананың» үлкен клуб екені баршаға мәлім. Олар әрқашан тек жоғары мақсаттар қояды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров