«Астана» футбол клубының бас бапкері Срджан Благоевич «Ракувпен» болатын ойын жайында пікір білдірді:
– Алғашқы кездесуден кейін айтқанымды қайталаймын. Біз үшін ауыр әрі жағымсыз жеңіліс. Бастысы, бізге тек ертеңгі ойынды ойлау керек. Команда болып келістік: басты мақсат – тартысты ойын өткізу, клуб жайында пікірлерді жақсартуға тырысу, 0:5 есебі ойын көрсеткіші емес екендігін дәлелдеу және қос команда арасындағы айырмашылық жер мен көктей дегенді теріске шығару. Елордалық жігіттердің алған бетінен қайтпайтын қайсарлығы да, ерік-жігері де, ынтасы да жеткілікті екеніне сенімдімін. Ертең «Астаналықтардан» тартысқа толы ойын күтіңіздер.
– Бірінші матчтан кейін вице-премьер не деді?
- Қай елдің министрі? Қазақстанның ба? Білмеймін, ол маған ештеңе айтқан жоқ.
- Заруцкийге қашан мүмкіндік беріледі? Тимур Досмағамбетов Польшада неге өз позициясында ойнамады?
- Бізде екі үздік қақпашы бар деп ойлаймын. Иә, Марко «Шахтермен» ойында да, Польшада да қателесті. Бірақ әр ойыншы қателеседі. Тек Милошевич емес. Бапкер ретінде мен де қателесемін. Мен әрқашан барлық ойыншыларыма сенемін және сіз менің ойыншыларым туралы ешқашан жаман сөз естімейсіз. Тимурға келетін болсақ, біз белгілі бір тактикалық идеяларға байланысты шешім қабылдадық, бірақ ол нәтиже бермеді.
- Томасов дайын ба?
- Жоқ.
- Милошевич жіберген мұндай қателіктерді «Астана» сияқты клубтың қақпашысы жасамауы керек деп ойламайсыз ба?
- Мен оның қателіктер жібергенімен келісемін. Әркім қателеседі, мен жаттықтырушы ретінде де одан қалыс қалмаймын. Сондықтан бұл туралы не айтарымды білмеймін.
- Марин алаңға қашан оралады?
- Марин ауырып жатыр. Оның дене қызуы көтерілді. Ол кеше ғана жаттығуға оралды және бұл матчқа дайын болмайтынын айтты. Мүмкін ол қосалқы құрамда отыратын шығар.
Біздің серіктес: FONBET