Жарнама
Жарнама

Срджан Благоевич: «Біз алдымызға белгілі бір мақсат қойдық және оған жету үшін барымызды саламыз»

29.04.2021, 16:21
Благоевичтің кешегі матчқа арналған жоспары толықтай орындалды.
Жарнама
Жарнама

«Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич «Тобылмен» (1:0) болған ойын туралы пікір білдірді:

- Біз тамаша бапкердің басшылығымен ойнайтын керемет команданы жеңдік. «Тобыл» - бұл Қазақстанның вице-чемпионы және қазіргі кезде чемпиондыққа басты фаворит команда. Бұл клуб үшін, жанкүйерлер үшін, Ақтау қаласы үшін және, әрине, ойыншылар мен бапкерлер құрамы үшін үлкен жетістік. Біз «Таразбен» болған матчтағыдай қорғаныста керемет ойнадық, қарсыластың біздің қақпамыздың алдында үлкен қауіп төндіруіне жол бермедік. Екінші жағынан, біз қорғаныстан шабуылға көшу кезінде қарсылас үшін өте қауіпті ойнадық, ойыншылар тағы да ерекше мінез көрсетті. Олар бұл үшін мақтауға лайық, мен оларды мақтан тұтамын. Алаңда 10 ойыншымен қалғанда гол жіберіп алғанымыз өкінішті-ақ.

Біз алдымызға белгілі бір мақсат қойдық және оған жету үшін барымызды саламыз. Бұл оңайға соқпайды. Мақсатқа жету жолындағы қиындықтар біз қол жеткізгіміз келетін барлық нәрселердің құндылығын көрсетеді. Соңғы уақыттағы жақсы нәтижелерге қарамастан, біз барлық күшті жақтарымызды білеміз, сонымен қатар жақсартуды қажет ететін дүниелерді де білеміз. Осы бойынша күн сайын жұмыс істейтін боламыз!

Біздің демалуға көп уақытымыз жоқ, өйткені біз прогресс жасағымыз келеді. 4 күннен кейін тағы бір ойын бар, біз дайындалып, тоғызыншы турды үлкен амбициямен қарсы алғымыз келеді!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров