Жарнама
Жарнама

Срджан Благоевич: «Біз бәрін мінсіз жасадық деп ойламаймын»

15.05.2022, 16:46
Елордалық клуб турнирлік кестеде көш басына шықты.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Қайратпен» болған жеңісті ойынды (6:0) қорытындылады:

- Менің ойымша, осындай нәтижеден кейін көп сөз қажет емес секілді. Сапа мен мінез көрсеткен командамды, ойыншыларымды құттықтаймын. «Қайратқа» қарсы ойында үш ұпай алдық. «Астана» мен «Қайрат» арасындағы матчтың қандай маңызға ие екенін бәрі біледі.

Қарсыласымыз бүгінгі нәтижеге қарамастан, жақсы команда болып табылады. Бұл командалардың сапасындағы айырмашылықты білдірмейді. Бүгін біз олар жетпеген нәрсеге қол жеткіздік және жеңіске лайық болдық. Тағы да ойыншыларымыз бен жанкүйерлерімізді құттықтаймыз. Мұндай ойындар бізге алдағы ойындарда жанкүйерлер санын арттыруға көмектеседі. Бұл жеңістің пайдасы тиеді деп ойлаймын.

- Қазір командаңыз сіз қалаған футболды ойнауда деп айта аласыз ба?

– Негізінде мұның бәрі процесс болып табылады. Қажетті ойынды құру үшін уақыт қажет. Біз бәрін мінсіз жасадық деп ойламаймын. Менің көңілімнен шыққан ойындар болды. Иә, біз әрқашан алға жылжып келеміз, нәтиже ойынға қатысты айтылатын пікірге әсер етеді. Мен әрқашан футболшыларыма «сен әрбір жеңістен кейін ең жақсы ойыншы, ал жеңілістен кейін ең жаман ойыншы болмайсың» деп айтамын. Жеңіске жеткен матчтардың өзінде жақсартуды қажет ететін дүниелер болады.

– Бүгін сол қапталда Сағи Совет ойнады. Бұл жас ойыншы үшін үлкен жүк болып табылады. Ол немен байланысты?

- Брайан жарақат алған кезде Сағи «Каспийге» қарсы матчта 45 минут ойнады. Мен «Ордабасымен» болған кездесуде оның ойынына риза болдым. «Тобылмен» ойында біз Құсяповтың ұзын бойлы ойыншыларға қарсы сол қапталда ойнай алатынын білдік. Талғат Құсяповтың әр ойында нәтиже көрсетіп, мүмкіндікті пайдаланып, «Астананың» деңгейіндегі ойыншы екенін көрсетіп жүргеніне өте қуаныштымын. Мен одан жоғары нәтиже күтемін. Ол дұрыс прогрес жасаса, қазақ футболының болашағы болады деп сенемін. Себебі, орталық қорғаушы ретінде ойнайтын сол аяқты ойыншылар өте аз.

– Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Алиев сұхбатында сізбен Қуат туралы сөйлесетінін айтты. Әңгіме болды ма?

– Ешқандай әңгіме болған жоқ. Біз бұл туралы жеткілікті түрде айттық, артық пікірім жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров