Жарнама
Жарнама

Срджан Благоевич: «Егер нағыз команда болсақ, бұл жағдайдан шығудың бір шешімін табамыз»

25.06.2021, 02:20
Ақтаулық клуб соңғы екі матчта өз қақпаларына тоғыз гол жіберіп алды.
Жарнама
Жарнама

«Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич Премьер-Лиганың 17-турында «Қайратқа» қарсы өткен ойын (1:5) туралы пікір білдірді:

- Небәрі 5 күн ішінде біз едәуір ыңғайсыз жағдайға тап болдық. Алдыңғы 15 ойында біз 15 гол жіберіп алдық, ал соңғы 2 ойында 9 гол жібердік!

Қазіргі кезде «Қайрат» - бізден деңгейі бір бәс жоғары команда. Біз чемпионды өз алаңында жеңе алатынымызды көрсетуге тырыстық. Мұнда көп нәрсе айтудың қажеті жоқ. Адамдар менің айтқандарымның бәрін дұрыс жағынан түсінбеуі мүмкін. Сондықтан алдағы күндері біз тыныш, сабырлы боламыз.

Біздің бар назарымыз алдағы екі ойынға бағытталады. Біз осы жағдайдан шығуға болатындығын дәлелдегіміз келеді. Егер нағыз команда болсақ, және нағыз команда екенімізге сенімді болсақ, онда шешімін табамыз!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров