Жарнама
Жарнама

Срджан Благоевич: «Ең мықты ойыншылардан жасақталған «Тобыл» чемпион болуы мүмкін»

14.09.2021, 20:23
«Каспий» бапкері үміткер үш команданың мүмкіндігін бағалады.
Жарнама
Жарнама

«Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич «Sports True» Youtube арнасына берген сұхбатында «Қайрат», «Тобыл» мен «Астана» командаларының ойыны туралы пікірімен бөлісті.

«Астана» қазір былтырғыға қарағанда жақсы ойнауда. Өткен жылы оларға энергия жетіспеді, мүмкін ұйымшылдық та болмаған шығар. Олар Барсегян мен Томасов өнер көрсететін қапталмен көп ойнауға тырысады, жеке ойыншылары өз қабілеттерін қолдануға тырысады. Олар допты жақсы ұстайды, қарсы шабуылды да керемет жасайды. Осы екі ойыншы болмаса, команданың ойынды бақылауына қатысты мәселелер пайда болады.

«Тобыл» қазіргі таңда Қазақстандағы ең жақсы ойыншылардан құралған команда. Оларда 16-17 ойыншы бар, әрқайсысы кез-келген уақытта көмектесе алады және үлкен айырмашылық бола қоймайды. Бұл сайып келгенде чемпиондық тағдырын шешуі мүмкін.

«Қайраттың» деңгейі, меніңше, өткен жылмен бірдей. Бірақ өткен жылы «Қайрат» «Астананың» әлсіз жақтарын және бүкіл чемпионаттың Алматыда өткенін пайдаланды. Оларда сапалы ойыншылар бар, бірақ оларды алмастыратын футболшылар жетіспейді. Оларда «Тобыл» сияқты қосалқы құрам жоқ. Бірақ «Қайрат» өте жақсы команда және шабуылдарды тез аяқтайды: Канте, Вагнер Лав, Алықұлов секілді шабуылшылары бар. Бірақ оларға биыл «Тобыл» мен «Астанаға» қарсы тұру өте қиын болады», - дейді Благоевич.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров