«Каспийдің» бұрынғы бас бапкері Срджан Благоевич «Астанаға» кеткеннен кейін ақтаулық клубтың жанкүйерлеріне үндеу жасады.
- Ең алдымен, «Каспий» клубына қатысы бар адамдардың барлығына: клуб басшылығына, жаттықтырушылар штабына, ойыншыларға, әкімшілерге, баспасөз қызметіне, медицина қызметкерлеріне, стадион қызметкерлеріне, сондай-ақ бізбен қуанып, бізбен бірге қайғырған жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Сіздер клубтың дамуына, Ақтауда өзімді жайлы сезінуге және өзімді Қазақстан азаматы ретінде сезінуге көмектестіңіздер. Сіздер маған жаттықтырушы ретінде алға жылжуыма көмектестіңіздер.
Мен сіздермен бірге өткізген әрбір сәтіме шексіз ризамын. Сіздердің арқаларыңызда мен жақсы жаттықтырушы және тұлға болдым. «Каспийді» таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін! Керісінше, «Каспий» мен Ақтау әрқашан менің клубым және менің қалам болады.
Сондай-ақ мен өз жұмысыммен және күш-жігеріммен «Каспий» футбол клубының алға жылжуына аз да болса үлес қостым деп үміттенемін және біз жетістікке жету үшін клубтың маңызды іргетасын қаладық. Сіздермен бірге басымнан өткерген жағдайдың бәрі менің жүрегімде мәңгі сақталады! Сондықтан мен қоштаспаймын, жай ғана «көріскенше» деп айтамын. Алға «Каспий»!
Біздің серіктес: FONBET