Жарнама
Жарнама

Срджан Благоевич: «Ойыншыларым қарсылас командамен ғана емес, «бәрімен» күресуде»

27.10.2020, 17:59
Кешегі ойында «Каспийдің» бір голы есепке алынбаған еді.
Жарнама
Жарнама

«Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич 15-турдың «Ордабасыға» қарсы ойыны (1:2) туралы пікір білдірді:

- Тағы бір шиеленісті матч, біз, өкінішке орай, тағы да жеңіліп қалдық. Бұл біздің ең жақсы ойындарымыздың бірі болды. Менің ойымша, бюджеттің айырмашылығы туралы қайталаудың қажеті жоқ. Біздің жігіттер кеше де мұны бейтараптай алатындықтарын көрсетті. Олар үшін бұл оңай емес, олар тек алаңдағы қарсыластарымен ғана емес, «бәрімен» күресуде.

Мен оларға кешегі қарым-қатынасы үшін және көрсеткен ойыны үшін ризамын, бірақ мұның пайдасын көрмегеніне өкінемін. Мен барлығынан, ойыншылардан, жанкүйерлерден осы сәттерде бірігуді, кінәлілерді іздемеуді және теріс энергия әкелмеуін сұраймын.

Біз бұрынғыдан да көп қарым-қатынасты, өзара қолдауды қажет етеміз. Кеше болған оқиға біздің күшіміз бен мүмкіндігімізді әлсіретпей, керісінше сенімімізді одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін. Бұл маусымның басынан бастап біздің жолымыздың қаншалықты қиын болғанын, біздің ойыншылардың өз жұмысына қаншалықты берілгендігін, осы кезеңде қаншалықты алға жылжығанын көрсететін ойындардың бірі ғана. Ойыншылар қандай жағдайда болмасын, біздің жетістікке жете алатынымызды көрсеткілері келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров