«Астана» футбол клубының бас бапкері Срджан Благоевич «Ракувқа» қарсы өткен ойын жайында пікір білдірді:
– Біріншіден, қарсыластарды жеңісімен және ІІІ турға өтуімен құттықтаймын және сәттілік тілеймін. УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне өтетітіне мүмкіндігі бар деген сенімдемін. Іріктеу кезеңінде «бізге ең мықты команда түсті» дегенім расқа шықты. Еурокубоктегі қазақстандық командаларға түскен топтардан ең мықтысы бізге түскені рас. Ұтылғандықтан көңіл-күйіміз түсіп кетті. Бастысы, командамның лайықты ойын көрсеткеніне разымын. «Ракув» қақпасына гол соға алмағанымызға қынжыламыз. Осы сәтте «Ракувтың» бізден мықты екенін мойындауымыз керек, лайықты деңгейде келесі кезеңге өтті.
– Қуатпен араздасуыңыздың кесірінен алаң ортасында қателіктер көп болды.
- Мен Қуатпен жанжалдасқан жоқпын. Тек бұл тақырыпта сөйлескім келмейтінін айттым. Бір ғана нәрсені айта аламын, бізде қазірдің өзінде Қазақстанның ең мықты жартылай қорғаушысы бар.
– Неге Айымбетов жарақат алған соң сол Басмановты емес Досмағамбетовті шығардыңыз?
– Біз осындай шешім қабылдап, «Атырауда» шабуылшы ретінде ойнаған Брайанды алдыңғы шепке шығардық.
- Чемпиондар лигасында ойнайтын команданы құру үшін қандай бюджет қажет?
– Футболшылардың жалақысы қанша екенін білмеймін. Мен тек маған ұсынылған ойыншыларға қараймын. Басшылыққа ұнайтын ойыншыларымды айтамын, бірақ теріс жауап аламын. Демек оларды алуға ақшамыз жетпейді.
Біздің серіктес: FONBET