Жарнама
Жарнама

Срджан Благоевич: «Осындай үлкен клубты жеңе алмағанымызға өкінетіндей деңгейге жеткенімізге қуаныштымын»

15.04.2021, 15:58
Ақтаулық клуб үшін «Қайраттан» бір ұпай алудың өзі жаман емес.
Жарнама
Жарнама

"Каспийдің" бас бапкері Срджан Благоевич "Қайратқа" қарсы өткен ойын (1:1) туралы пікір білдірді: 

- "Қайрат" клубының Қазақстан футболындағы орнын айтудың да қажеті жоқ. "Қайрат" – бұл тамаша бапкері бар жақсы команда және олар жаңа титулды жеңіп алу жолында басты фавориттер болып табылады. Біз осындай ұлы клуб пен қазіргі чемпионнан ұпай алғанымызға риза болуымыз керек екенін білемін. Алайда ойын соңында менің де, ойыншылардың да бұл нәтиежеге қанағаттанбағанын мойындауым керек. Алаңда болған барлық оқиғадан кейін (қызыл қағаз, оңай жіберілген гол, екінші таймдағы мүмкіндіктер) біз бір ұпайдан артық алмағанымызға өкінеміз деген қорытындыға келдік. Шынымды айтсам, бұл бізді қанағаттандырмайды, бірақ осындай үлкен клубты жеңе алмағанымызға өкінетіндей деңгейге жеткенімізге қуаныштымын. 

Ойыншылар көп күш жұмсады, мүмкін бұл осы уақытқа дейінгі ең көп энергия жұмсалған ойын шығар. Осы жағдайды пайдалана отырып, стадионда қолдау көрсеткен, сондай-ақ матчқа келе алмаған жанкүйерлерге алғысымды білдіргім келеді. Рахмет сіздерге! Жанкүйерлер үшін стадиондар қайта жабылмайды деп үміттенемін. Сөз соңында баршаңызды Рамазан айының басталуымен құттықтағым келеді! Рамазан мүбәрак болсын!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров