Жарнама
Жарнама

Срджан Благоевич: «Турнир кестесінде көш бастап тұрған команданы жеңе білдік»

23.04.2022, 16:27
Сербиялық маман өзінің бұрынғы командасын ойсырата ұтты.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Каспиймен» өткен ойын қорытындысы жайында пікірімен бөлісті:

- Оралда өткен кездесуден кейінгі уақыт біз үшін бір ауыр сәт болды. Қысым күшейгенін сездік, бірақ команданың еңсесін түсірмей, керісінше күшейе, ширыға түскеніне қуаныштымын. Осы сезім біздің әр ойынымызда болуы тиіс. Турнир кестесінде көш бастап тұрған, ұйымдасқан командаға қарсы лайықты ойын көрсетіп, жеңе білдік. Осы жағынан алғанда бұл жеңістің біз үшін орны ерекше. Бәрін жеңіспен құттықтап, осы деңгейде жалғастырамыз деген сенім білдіремін.

- Абзал Бейсебеков, Абат Айымбетов қазір қайда және Исламбек Қуат неге жоқ?

- Абзал «Ақжайықпен» матчта жарақат алды, ол екі апта алаңға шықпайды. Абат емделіп жатыр, көп ұзамай жалпы топқа қосылады. Қуатқа келсек, бұл клубтағы ішкі мәселеге байланысты.

- Артқы жартылай қорғаушы позициясында Аслан Дарабаев жиі қателеседі, доптарды тартып алу көрсеткіші де аз. Ол «Астананың» қорғанысына сай келмейді деп ойламайсыз ба?

- Бұл тұрғыда сізбен келіспеймін. Ол өте пайдалы ойыншы, мен оның қалай ойнай алатынын білемін. Сіз Асланның қандай пастар беретінін жақсы білесіз, дәл пас беру көрсеткіші 85 пайыздан жоғары екеніне сенімдімін. Иә, әрбір ойыншы қателеседі және ол артқы жартылай қорғаушы емес, көбіне шабуылдаушы жартылай қорғаушы ретінде ойнайды. Бүгін Аслан команда үшін көп жұмыс істейді. Сіз оны көрмеуіңіз мүмкін, бірақ мен оны байқаймын.

- «Ақжайық» сияқты командаларға қарсы матчтарда стандарттық жағдайдағы ойынды жақсарту керек деп ойламайсыз ба?

- Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз, стандартты жағдайларда қалай ойнау керектігін пысықтаудамыз. «Тараз» және «Ақжайық» командаларымен өткен ойындарда қиындықтар туындады, ал бүгін бұрыштама кезінде ойынды өзгертуге тырыстық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров