“ЖаркOFF” телеграм-арнасы 52 жастағы сербиялық маманның еліміздегі топ клубтардың бірін жаттықтыратыны жайында ақпарат таратты.
Благоевич 2025 жылдың 1 қаңтарынан бері “Партизан” клубын баптап келеді. Маманның тізгінінде Белград ұжымы осы маусымда 30 матч өткізіп, 17 жеңіс, 7 тең ойын, қалған 6 кездесуінде жеңіліс тапты.
Бапкерлік мансабында Срджан “Инджия”, “Явор”, “Бежания”, ИМТ Белград, “Жарково”, “Каспий”, “Дебрецен” және қазақстандық “Каспий” мен “Астана” клубтарын жаттықтырды.
Елордалық ұжыммен Благоевич 2021/22 жылы Қазақстан чемпионы атанды.
Срджанның “Партизан” командасы қазірде ішкі чемпионаттың көшбасшысы. Алайда бұл ұжымның еурокубоктегі жағдайы мәз емес. Команда соңғы рет шотландиялық “Хибернианнан” жеңіліп, Конференция Лигасының жалпы кезеңіне жолдама ала алмады.
Біздің серіктес: FONBET