«Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич Қазақстан кубогінің ширек финалында «Астанамен» болған матчтағы жергілікті жанкүйерлердің әрекетіне қатысты түсініктеме берді (0:1).
- Ақтаулық клуб футболдан 20 жыл бойы Премьер-лигада ойнаған жоқ. Клуб ілгерілеуде, команда ілгерілеуде, сонымен қатар үйреніп жатқан дүниелеріміз де бар. Бұл жолда қателіктер жіберетініміз белгілі Жанкүйерлерде де дәл солай. Олардың көпшілігі үшін бұл алғашқы тәжірибе болып саналады. Футбол, маңызды ойын, үлкен клубқа жанкүйер болу, керемет эмоциялар ...
Біреулер дұрыс жасайды, біреулер қателеседі...
Мен әрқашан айтамын, біздің әрқайсымыз, әр қадамымыздың алдында, бұл қадам командаға жақсы нәрсе әкеледі ме, әлде керісінше, оған қиындық туғызады ма деп өзімізден сұрауымыз керек. Эмоциялар керемет болды.
Әрине, мен бұлай болғанын қаламаймын және олар жасаған нәрсе дұрыс болмады, бірақ мен жанкүйерлерге кеше бізге көрсеткен зор қолдаулары үшін алғыс айтуым керек.
Біздің серіктес: FONBET