Жарнама
Жарнама

Стадионға кесірі тиетін болды-ау!

Қыркүйек айында Алматының Орталық стадионында бірден 3 концерт өтеді деп жоспарлануда.

Жарнама
Жарнама

Алғашқылардың бірі болып стадионда беларус әншісі Макс Корж келіп ән шырқайды. Ол Орта Азияда 6 жылда алғаш рет үлкен концерт бермекші. Оның ертесіне Мирас Жүгінісов өнер көрсетеді. Араға шамамен екі аптадай уақыт салып, Орталықты BackStreet Boys тобы келіп шулатпақ ниетте. Әрине, бұл оңтүстік астанамыздың халқының мәдени дамуына әрі көңіл көтеруі үшін керемет мүмкіндік. Алайда Орталықтың жасыл алаңы келуішерден кейін қандай күйге түспек? Қазақстанды шулатып кеткен JLO концерттерінен кейін Ереван мен Ташкентте стадион газондарына залал келтірілген. Салмағы тонналап қалатын сахна мен аппаратураның тұрған жерлерінде ойдым жерлер пайда болып, жасыл шөптің сау-тамтығы қалмаған. Ал осындай жағдай Алматы стадионында қайталанбасына кім кепіл?

“Қайрат” командасы сәтін салып, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтсе, концерттердің кесірінен өз алаң ойындарын Астана Аренада өткізеді. Стадион өкіметтікі болғандықтан, қолы қысқа басшылық “Қайратты” “Астанаға” көшірісуден басқа амалы жоқ. 

Айта кетейік, Орталық Стадион - 23 804 адамды сыйдырады. УЕФА-ның 4-категориялы нысаны Чемпиондар Лигасының топтық кезеңін өткізуге қауқары бар. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: