Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасындағы кезекті жеңісіне қол жеткізіп, төртінші орынға мықтап жайғасты. Бұл жолы қызылордалықтар Талдықорғанда жергілікті «Жетісуды» тізе бүктірді. Есеп – 2:1. "Қайсар" соққан екі гол да стандартты жағдайдың жемісі.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Қайсар» (Қызылорда) – 1:2
Голдар: Сариев, 52 – Хунт, 11. Струков, 84.
«Жетісу»: Пасеченко, Родионов, Шафф, Ахметович, Шаихов, Климавичус, Джалович, Ковалев, Кадио, Заречный, Путинчанин.
«Қайсар»: Прядкин, Алтаев, Балтаев, Кляйн, Кулибали, Мошников (Савич, 90), Калинин (Нәрзілдаев), Розыбакиев (Молдақараев, 75), Марушко, Струков, Хунт.
Бас төреші: Александр Гаузер (Петропавл)
10 мамыр. «Жетісу» стадионы (Талдықорған)
«Жетісу» өз жерінде жеңісті оңайлықпен бере қоймайтын команда. Бүгінгі ойынға дейін Талдықорғаннан биылдыққа үш ұпайды тек Қарағандының «Шахтері» ғана алып кете алды. Ал «Қайсардың» керісінше, түзде жолы болмай келді. Қостанайда «Тобылды» жеңіп тұрып, қарымта гол жіберіп алды. Сол секілді Семейде де соңғы минуттарда қолдарында тұрған екі ұпайынан айрылып қалған. Астанада тіптен, соңғы минутта қақпамызға пеналти белгіленіп, ұпайсыз қалғанбыз. Иә, шыны керек, бұл кездесулерде «Қайсар» қанша жерден жақсы ойнағанымен жеңіске жете алмай келген еді, бүгін сәттілік қызылордалықтар жағында болып, биылдыққа бірінші рет түздегі кездесуден үш ұпай еншіледік.
Дегенмен, «Жетісу» ойынды өте қарқынды бастады. Қос қапталды жиі іске қосқан алаң иелері Кирилл Прядкин қорғаған қақпаны оңынан да, солынан да мазалап жатты. Бірақ, «Қайсардың» бір қарымта шабуылы ойын тағдырын 180 градусқа бұрып жіберді. 11-минут болатын. Оң қапталда ойын ережесі бұзылып, айып добын «Қайсардың» эстониялық жартылай қорғаушысы Сергей Мошников орындады. Отандастар бір-бірін жақсы түсінеді екен, Сергейдің әуелете жіберген теңбіл снарядына Римо Хунт бірінші болып жетіп, Пасеченко қорғаған қақпаның сол бұрышын дәл көздеді.
Қақпаларына гол жіберіп алған «жетісулықтар» біраз есеңгіреп барып, бірінші таймның соңына таман ғана естерін жиды. Бірақ олар күштеріне еніп үлгергенше үзіліс те болып қалған еді.
Екінші таймның басында алаң иелерінің бас бапкерлері ойынға тыңнан екі футболшы шығарды. Солардың бірі Рауан Сариев өзін жапқан Олжас Алтаевтан сытылып шықты да, әріптесінің әуелете асырған пасын сәтті пайдаланып, ол да голды қақпаға баспен қадады. Есеп – 1:1. «Қайсар» қаңырап қалмады. Қайта бұл гол қызылордалық футболшылардың беттеріне жеңіл шапалақ болып тиіп, команда одан бетер күшейді. Алдымен арада бес минут өтпей жатып-ақ Римо Хунт қақпаға допты қақырата тепкен еді, Пасеченко теңбіл снарядты алдына қайтарды. Алайда допқа бірінші болып жеткен Рахымжан Розыбакиевтің соққысы қақпа маңдайшасына тиіп кетті. Одан кейін Римо да тағы бір мүмкіндік болған, дегенмен бұл жолы да оның соққысы діттеген жеріне жетпеді. Іле-шала айып добы орындалып, Думан Нәрзілдаевтың әуелете асырған пасын Сергей Струков баспен голға айналдырды. Есеп – 2:1, «Қайсар» тағы да алға шықты және бұл нәтижені ойын соңына дейін ұстап тұра алды. Ал егер Жасұлан Молдақараевтың өте қауіпті соққысы қорғаушылардан құралған қорғанға тимегенде, онда есеп бұдан да ірі болар еді.
Ел біріншілігінің 11 турындағы басқа ойындар нәтижесі мынандай:
«СПАРТАК» (Семей) – «ҚАЙРАТ» (Алматы) 2:5 (1:2).
Семей. «Спартак». Төреші: Болат Қарлыбаев (Орал).
Голдар: Сиссей 17 минутта пенальти (0:1), Чович 20 (1:1), Маркович 22 (1:2), Кнежевич 50 (1:3), Дарабае (1:4), Йованович 58 (2:4), Сиссей 69 (2:5).
Ескерту алды: Маркович 40, Тұрысбек 71.
«Спартак» (Семей): Даниил Рихард, Виктор Генев, Максим Азовский, Әлібек Сәкенов, Николай Дюлгеров 67 (Ілияс Әмірсейітов), Азат Ерсәлімов, Даниэль Пеев, Руслан Сақалбаев 64 (Бауыржан Тұрысбек), Бағдат Нұрлыбаев, Неманья Йованович, Неманья Чович.
«Қайрат» (Алматы): Дмитрий Хомич, Марк Гурман, Ермек Қуантаев, Александр Кислицын, Жарко Маркович 51 (Артур Едигарян), Аслан Дарабаев, Йосип Кнежевич 77 (Милош Лачны), Бауыржан Исламхан 84 (Шерхан Бауыржан), Самат Сымақов, Михаил Бақаев, Момоду Сиссей.
«ТАРАЗ» — «ОРДАБАСЫ» (Шымкент) 2:1 (2:0).
Тараз. «Орталық алаң». Төреші: Игорь Алешин (Павлодар)
Голдар: Щеткин 9 (1:0), Воротников 43 (2:0), Нұрғалиев 90+2 (2:1).
«Тараз»: Журахон Бабаханов, Мақсат Әмірханов, Илья Воротников, Рой Рок, Сергей Скорых, Йован Голич, Бауыржан Байтана, Виталий Евстигнеев, Корнелис Уббинк 82 (Мұрат Тілешов), Эдуард Сергиенко, Алексей Щеткин.
«Ордабасы» (Шымкент): Александр Григоренко, Евгений Левин, Мұхтар Мұхтаров, Эндрю Мвесигва, Ғафуржан Сүйімбаев, Бекзат Бейсенов, Абдулай Диакате, Қайрат Әшірбеков, Артем Касьянов, Азат Нұрғалиев, Эдин Юнузович
«АТЫРАУ» — «АСТАНА» 1:0 (1:0).
Атырау. «Мұнайшы» алаңы. Төреші: Акмалхан Холматов (Қызылорда).
Гол: Трифунович 29 минутта пенальти арқылы (1:0).
Алаңнан қуылды: Одибе 2
«Атырау»: Андрей Шабанов, Ренат Абдулин, Марат Бутуев, Павел Пласконный, Майкл Одибе, Егвений Коструб, Ги Стефан Эссаме, Марко Блажич, Михаил Афанасьев, Андрей Карпович, Милош Трифунович.
«Астана»: Влдаимир Логиновский, Игорь Пикалкин, Марин Аничич, Виктор Дмитренко, Қайрат Нұрдәулетов, Дмитрий Шомко, Фокси Кетевоама, Дәмір Кояшевич, Роджер Каньяс, Танат Нөсербаев, Сисеру.
«ШАХТЕР» (Қарағанды) – «ТОБЫЛ» (Қостанай) 4:1 (2:0).
Қарағанды. «Шахтер» алаңы. Төреші: Виктор Антонов (Павлодар).
Голдар: Қонысбаев 23 (1:0), Қонысбаев 42 (2:0), Топчагич 73 (3:0), Жалович 82 (3:1), Финонченко 83 (4:1).
Ескерту алды: Финонченко 13.
«Шахтер» (Қарағанды): Александр Мокин, Александр Симчевич, Сергей Малый, Никола Василевич, Андрей Порываев, Мақсат Байжанов, Ұлан Қонысбаев 73 (Тоқтар Жаңғылышбай), Станислав Лунин, Шафкат Саломов, Андрей Финонченко, Камолиддин Мурзоев.
«Тобыл» (Қостанай): Александр Петухов, Нұртас Кургулин, Штепан Кучер, Виталий Волков, Анатолий Богданов, Рауль Жәелов, Нұрбол Жұмасқалиев 84 (Алексей Малышев), Огнен Красич, Ненад Шливич, Томаш Шимкович 46 (Игорь Бугаев), Иржи Еслінек.
р/с |
Клубтар |
Ойын
өткізді |
Жеңіске
жетті |
Тең
түсті |
Жеңіліп
қалды |
Доп
айырмасы |
Жалпы
ұпайы |
1 |
«Ақтөбе» |
11 |
8 |
2 |
1 |
18-3 |
26 |
2 |
«Астана» |
11 |
6 |
3 |
2 |
14-6 |
21 |
3 |
«Шахтер» (Қарағанды) |
11 |
6 |
2 |
3 |
18-9 |
20 |
4 |
«Қайсар» (Қызылорда) |
11 |
5 |
3 |
3 |
12-11 |
18 |
5 |
«Қайрат» (Алматы) |
11 |
5 |
2 |
4 |
15-10 |
17 |
6 |
«Атырау» |
11 |
4 |
4 |
3 |
10-10 |
16 |
7 |
«Ордабасы» (Шымкент) |
11 |
4 |
2 |
5 |
11-12 |
14 |
8 |
«Жетісу» (Талдықорған) |
11 |
3 |
4 |
4 |
8-8 |
13 |
9 |
«Тобыл» (Қостанай) |
11 |
3 |
3 |
5 |
10-16 |
12 |
10 |
«Ертіс» (Павлодар) |
11 |
3 |
2 |
6 |
11-17 |
11 |
11 |
«Тараз» |
11 |
3 |
2 |
6 |
10-18 |
11 |
12 |
«Спартак» (Семей)
|
11 |
0 |
3 |
8 |
7-24 |
3 |
http://www.fckaysar.kz/
http://www.alaman.kz/