"Қазіргі уақытта "ПАОК" клубының жаттықтырушысы - португалиялық Абель Феррейра, бірақ ол жақын күндері жұмыстан босатылады. Стойлов оның орнын басатын мамандардың бірі. Мақсаты биік команданың басшысы Иван Савидис өз командасын осы маусымда титулмен көргісі келген, бірақ "ПАОК" Лиганың көшбасшысы - «Олимпиакос» командасынан 17 ұпайға артта қалғандықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алды", - деп жазады ақпараттық басылымдар.
Станимир Стойлов - Қазақстан футболын жаңа қырынан көрсеткен бапкерлердіңң бірі. Болгариялық маман "Астананы" 2014 жылдың жазында жаттықтыра бастады. Оның басшылығымен «Астана» төрт рет қатарынан чемпионатты жеңіп алды, Қазақстан футболының тарихында тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне, екі рет УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне, сондай-ақ УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 финалына шықты.
Болгариялық маман 2018 жылғы наурызда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Оның басшылығымен біздің құрама үш жолдастық кездесу өткізіп, УЕФА Ұлттар лигасына қатысты. 2019 жылдың қаңтарында ол бас бапкер қызметінен кетті. Сол сәттен бастап Стойлов жұмыссыз жүр.
Біздің серіктес: FONBET