Елордалық команданың бас бапкері "Атлетикоға" қарсы матч жайлы өз ойымен бөлісті.
ҚПЛ-дың келесі турында "Астана" қонаққа "Қайратқа" барғалы отыр. Дәл осы ойын алтынға таластағы шешуші шайқас болуы бек мүмкін. Сондықтан Стойлов негізгі құрамның бірнеше ойыншыларын, атап айтсақ Таңат Нөсербаев, Бауыржан Жолшиев, Неманья Максимович, Рохер Каньяс, Дмитрий Шомко және Марин Аничич секілді футболшыларды Астанада қалдырды. Дегенмен белоруссиялық маман матрасниктерді жеңуді көздеп отыр.
"Жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп жүргенімізге қуаныштымыз. Чемпиондар Лигасының талабына сай келуге тырысып жүрміз. Бүгін алаңға шығатын футболшылар жақсы өнер көрсетеді деп ойлаймын. Меніңше, "Астананың" Мадридте жеңіске жетуге әл-ауқаты бар."
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 3-тур аясындағы "Атлетико" мен "Астана" кездесуі бүгін Астана уақыты бойынша түнгі 00:45-те "Висенте Кальдерон" стадионында өтеді. Матчты тікелей эфирде "Таң" телеарнасы таратады.