Валерий Карпин «Ростовтың» бас бапкері қызметінен кетеді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Реснйлік маман енді бар назарын Ресей ұлттық құрамасындағы жұмысына аудармақ.
«Спорт-Экспресс» басылымы хабарлағандай, «Ростовты» Қазақстан құрамасы мен «Астана» командасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стойлов жаттықтыруы мүмкін. Сонымен қатар бұл лауазымға үміткерлер тізімінде Дан Петреску мен Мурад Мусаев бар.
«Олармен әлі келіссөздер болған жоқ, бірақ бұл жаттықтырушылар үміткерлер арасында бар, олар бұл команданы тізгіндеуге дайын», - деп жазады ақпарат көзі.
Еске салайық, 26 шілдеде Карпин Ресей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Маманмен келісім 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалды.
Біздің серіктес: FONBET