- Менің ойыншыларым жеңіске жеткеніне өте қуаныштымын. Біз нәтижелі маусым өткізе білдік. Алғашқы таймда жақсы ойнадық, бірақ, қарсылас керемет гол соғып үлгерді. Дегенменде, біз оларға қарағанда жақсы ойын өрнегін көрсете білдік.
- Апоэл ойыншысы алаңнан қуылғаны көмек болдыма?
- Білмеймін, олар толық құраммен ойнағанның өзінде, біз жақсы ойнадық. Апоэл қорғаушысы ойын тәртібін толық бұзды, төрешінің бұл шешімі әділ болды.
- Патрик Твумасидің жоқтығы сезілдіме?
- Жоқ, алаңда болған ойыншылар жарады. Ең маңыздысы өзіміз ойлағандай жеңіске қол жеткіздік. Команданың күшейгені үшін позиция жағынан жұмыс жасау қажет. Топтық кезеңнен шығу жайлы айту әлі ерте.
- Жуниор Кабананга аландағы үздік ойыншы болдыма?
- Әр футболшы өзіне берілген жұмысты атқарды. Жуниор гол соққанда жақсы болар еді, бірақ... Барлық футболшының ынта-жігері болды. Егерде барлық ойыншы командалық ойын көрсетсе, оның ішінен жалғыз ғана футболшыны көрсетіп, айтқым келмейді.
Баян Қабден
Біздің серіктес: FONBET