"Нижний Новгородтың" бас директоры Равиль Измайлов Станимир Стойловты бас бапкер лауазымына тағайындау туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
"Бас жаттықтырушы лауазымына үміткерлер тізімінде отандық мамандар да, шетелдік мамандар да бар. Стойлов бұл тізімге кіре ме, мен бұған түсініктеме бермей-ақ қояйын", - деді Измайлов "Чемпионат" басылымына берген сұхбатында.
Бұған дейін Станимир Стойловтың "Нижний Новгородты" тізігіндеуі мүмкін екені хабарланған болатын. Команда басшылығы Сербия, Румыния және Ресейден бұл қызметке лайықты үміткерлерді қарастыруда.
54 жастағы болгариялық маман Станимир Стойлов 2014-2018 жылдар аралығында "Астананы" жаттықтырған. Оның басшылығымен елордалық команда төрт рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды және Қазақстан футболының тарихында тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шықты, сонымен қатар Еуропа Лигасының 1/16 финалында өнер көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET