Қазақстан құрамасы мен "Астананың" бұрынғы бас бапкері Станимир Стойлов түркиялық "Кайсериспорды" жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Ajansspor.com.
Дереккөздің хабарлауынша, клуб өкілдері 53 жастағы болгар маманымен кездесіп үлгерген. Оның үстіне, "Кайсериспор" бас бапкері Бекташ Байрамды қызметінен босатты. Түркия Суперлигасында команда алты турдан кейін 17-ші орынға жайғасты.
Стойлов "Астананы" 2014 жылдан 2018 жылға дейін баптады. Оның басшылығымен елордалық команда төрт рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды және қазақстандық футбол тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Сондай-ақ, болгар маманы команданы екі рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне және бір рет турнирдің 1/16 финалына шығарды.
Біздің серіктес: FONBET