Жарнама
Жарнама

Станислав Черчесов: алаңдағы ойынымызды түрлендіруге байланысты айқын бағытымыз бар

13.11.2024, 14:20

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар Лигасындағы нәтижелер жайлы пікірін айтып, команданың басты мақсат-міндеттерін тілге тиек етті.

Станислав Черчесов
Жарнама
Жарнама

«Аустриямен сырт алаңдағы кездесудің есебі ғана көңілден шыққан жоқ, ал ойынның өзіне келер болсақ, барлығы да көздеген мақсатымызға сай болып жатыр. Алаңдағы ойынымызды түрлендіруге байланысты белгілі бір бағытымыз бар. Словениямен болған бәсекеде де біз осы бағытта бір қадам алға басқанымызды байқадық. Осы бір-екі күнде біз сол туралы әңгімелестік. Қалай, қай бағытқа жүру керектігі жайлы жақсылап кеңесіп алған болатынбыз. Словениямен ойынды біз жүргізіп отырдық. Команданың өзі де біздің ойымызды түсініп, қай бағытқа бет алғанымызды білді. Ең бастысы да осы, футболшылар қарсы емес. Барлығымыздың ойымыз бір жерден шығып отыр», - деген болатын құраманың бас бапкері.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ертең Ұлттар Лигасының бесінші туры аясында Аустрияны қабылдамақ. Ал қарашаның 17-де сырт алаңда Норвегиямен жолығады. Соңғы екі тур алдында қазақстандық футболшылар бір ұпаймен соңғы орынға табан тіреуде.     

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров