Жарнама
Жарнама

Станислав Черчесов: Азияда мүмкіндік көптеу шығар, бірақ бұл әлем чемпионатына жолдама аласың деген сөз емес

02.07.2025, 15:45

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов Әли Әлиевтің Әлем біріншілігіне Еуропадан көрі Азиядан шығу оңай деген көзқарасына қатысты ойын айтты.

Станислав Черчесов
Жарнама
Жарнама

«Мен баспасөз мәслихатында болған жоқпын, сондықтан сұрақтың қалай қойылғанынан бейхабармын. Еуропадағы іріктеу кезеңі кез келген жағдайда қиын екені сөзсіз. Бірақ еш жерде, ешқашан оңай болмайтынын да ұмытпау керек. Азияда мүмкіндік көптеу шығар, бірақ бұл әлем чемпионатына жолдама аласың деген сөз емес. Жалпы алғанда, Еуропа футболында Қазақстаннан деңгейі төмен командалар мен федерациялар да бар. Алайда егер сіз жеребеде төртінші немесе бесінші себетке түссеңіз, онда сіздің тобыңызда екі-үш мықты команда болатыны анық. Біз Ұлттар лигасында Норвегия, Австрия және Словениямен ойнадық. Ал Словения мен Австрия қарсыластарына Еуропа чемпионатында оңай соқпағаны сөзсіз», - деді С. Черчесов «Championat.Asia-ға» берген сұхбатында.

Естеріңізде болса, Өзбекстан құрамасы Әлем біріншілігіне жолдама алғаннан кейін Әли Әлиев қос құраманы салыстырып, Азия іріктеуінен ірі турнирлерге жолдама алу әлдеқайда жеңіл деген пікір білдірген болатын. Қазақстан құрамасы бас бапкерінің бұл уәжі көп талқыланып, сынағандар да табылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров