Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымжан Кенжебектің өнеріне бағасын берді.
Станислав Черчесов сондай-ақ, құрама қатарындағы жас футболшылар туралы да ойын ортаға салған болатын.
«Ғалымжан Кенжебек туралы ақпаратымыз жеткілікті. Кипрде ресейлік бапкердің қоластында жаттығатынын білеміз. Құрамаға лайық деп таппасақ шақырмас едік. Біздің командада бір моменттің футболшылары бар. Команда үшін тоқсан минут доп тебетіндер маңыздырақ. Бір ғана сәтте жарқ етіп, өзін көрсеткеніне тоқмейілсу жақсы емес. Бұл кәсіпқой футбол, жекелеген жеберлік жеткіліксіз. Бұл командалық ойын, сондықтан барлығы ортақ жүйеде болуы тиіс. Үнемі айтатынымдай 80-85 пайыз жүйелілік болса, ал қалғаны әр ойыншының өзі қосатын үлесі. Ондай футболшыларға шектеу қоюға болмайды, олай өзімізге зиян болмақ. Себебі, кез-келген ойыншыға өзін жақсы қырынан танытуға мүмкіндік берілуі керек.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ертең Ұлттар Лигасының бесінші туры аясында Аустрияны қабылдамақ. Ал қарашаның 17-де сырт алаңда Норвегиямен жолығады. Соңғы екі тур алдында қазақстандық футболшылар бір ұпаймен соңғы орынға табан тіреуде.
Біздің серіктес: FONBET