Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов Грекия біріншілігінің өкілі «ПАОК» командасын жаттықтыруы ықтимал.
Ресейлік маман клуб басшысы Иван Саввидимен келісімшарттың жай-жапсарын талқылап тастаған көрінеді. Бұл туралы журналист Иван Карп мәлімдеген болатын.
61-жастағы маманнан бөлек «ПАОК-тың» бас бапкерлігінен тағы Владимир Ивич үмітті делінген. Сербиялық жаттықтырушы ақпан айынан бері БАӘ-нің «Әл-Айн» клубын баптап келеді.
Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасына бас бапкерлігіне былтыр жазда тағайындалды да, биыл қаңтарда өз орнын босатты. Ұлттар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, 6 ойынның 5-де жеңілді және команда бірде-бір гол соға алған жоқ.
Біздің серіктес: FONBET