Жарнама
Жарнама

Станислав Черчесов Грузия мен Албанияның жетістігін мысал етті

Бүгін, 12:00

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов командасының Ұлттар Лигасындағы мақсат-міндеттері жайлы айтты.

Станислав Черчесов
Жарнама
Жарнама

«Матч-ТВ» арнасына берген сұхбатында ресейлік маман Қазақстан құрамасына Грузия мен Албанияны үлгі етті.  

«Алдыма қандай тапсырма жүктелсе де, оны ең алдымен шешетін менің өзім ғана. Белгілі бір деңгейде ондай тапсырманы өзіме-өзім қойып келемін. Келесі тапсырма – келесі қарсылас. Болды! Бұдан өзгесі жоқ. Ештеңе өзгермейді. Әлі шықпаған, ештеңесі белгісіз Әлем және Еуропа чемпионаттары туралы әңгіме қозғаған кезде біз әлі қандай топқа түсетінімізді де білмейміз. Ал мұнда не туралы айтуға болады? Тек Бразилия, Германия мен Франция ғана кез-келген жағдайда алдына нақты мақсаттар қоя алады. Ал біз секілді командалар жүйелену үшін күнделікті жұмысын істеп, шыңдалуы керек. Кезінде Исландия, ал қазір Грузия мен Албанияның жеткен жетістігіне жету үшін осылай тер төгуіміз керек», - деді С. Черчесов.

Айта кетейік, ресейлік маманның бапкерлігімен Қазақстан Ұлттар Лигасында екі кездеу өткізді. Қыркүйекте Норвегиямен ұпай бөлісіп (0:0), Словениядан ойсырай ұтылдық (3:0). Енді біздің команда 10-қазанда сырт алаңда Аустриямен шеберлік байқаспақ. Одан кейін Словенияны қабылдайды. Әзірше ұлттық құрама өз тобында соңғы орында келеді.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров