Шешенстандық ұжым Түркиядағы алғашқы дайындық кезеңін аяқтады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Грозныйлықтар соңғы жолдастық кездесуде сербиялық "ОФК” командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Осы ойында "Ахмат” сапындағы Қазақстандық Ғалымжан Кенжебек гол соғып, голдық пас берді.
Команданың бас бапкері Станислав Черчесов дайындық барысына көңілі толатынын жеткізді. Оның айтуынша, жоспарланған жұмыстың басым бөлігі орындалған.
"Екінші ойын алдында футболшылардың шаршауын ескеріп, бір жаттығу тоқтатылған. Бұл ойыншылардың денсаулығын сақтау үшін жасалған қадам."
Бапкер құрамда ауыр жарақат алғандардың жоқтығын айтты. Тек Касинтуре мен Мелкадзе кішігірім ауырсынулар мен алаң сапасына байланысты тәуекелге бармай, демалыс алған.
Түркиядағы жауынды күндерден кейін қалыпқа келген қолайлы ауа райы жаттығу процесіне оң әсер еткен.
Ғалымжан Кенжебектің гол&голдық пас
Журналистердің жаңа ойыншыларға, соның ішінде Қазақстан құрамасының ойыншысы Кенжебекке қатысты сауалына Черчесов жауап берді. Бапкер әзірге нақты баға беруге ерте екенін айта келе, отандасымыздың еңбегін ерекше атап өтті.
"Кенжебек екі ай бойы ойын тәжірибесіз қалғанына қарамастан, "ОФК"-мен болған кездесуде өзін жақсы қыр көрсетті. Ол алаңдағы әрекетімен біздің қатарымызда не үшін жүргенін және командаға неге шақыртылғанын дәлелдей алды.” — деді бас бапкер.
Біздің серіктес: FONBET