Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов ҚПЛ клубтарының жаттықтырушыларымен тығыз қарым-қатынас жасамақ.
Ресейлік маман премьер-лигадағы командалардың барлық бас бапкерлерімен жеке-жеке танысып, футболшылар туралы пікір алмасуды жоспарлауда. Сондай-ақ, Станислав Черчесов ҚПЛ бапкерлерімен бейнебайланыс арқылы хабарласып отыруды дәстүрге айналдырмақшы. Ресейлік жаттықтырушының мақсаты - ұлттық құрама қатарына үміткерлерді іріктеп, жекелеген ойыншылардың шеберлігі жайлы ақпарат жинау.
Айта кетейік, Станислав Черчесов осы маусымда Қазақстан құрамасын тізгіндеді. Осы аралықта құрама футболшыларын Ұлттар Лигасындағы екі кездесуге бастап шықты. Бірінші ойын Норвегиямен тең тарқасса (0:0) сырт алаңдағы Словениямен өткен ойында ойсырай ұтылды (3:0). Енді қазақстандық футболшылар келесі матчын 10-қазанда Аустрияға қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET