Станислав Черчесов: Әліп осы маусымда көп ойынға қатысады деп үміттенемін

09.07.2024, 12:30

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Нұралы Әліп туралы пікірін айтты.

Нұралы Әліп "Зенит" сапында

"Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында ол сондай-ақ, "Зениттің" қорғаушысының әлеуеті жайлы да сөз қозғады. 

"Алғаш рет Әліпті Түркияда 18 жасар кезінде көріп, бірден назар аударғам. Биыл ол көп кездесуге қатысты, алайда кішігірім қателіктерсіз болмайды. Бұл жерде әдейі үлкен қателік деп тұрғам жоқ. Әліп Ресей Кубогінің финалында гол салды. Осы маусымда алаңға жиі шығады деп үміттенемін, бірақ "Зениттің" негізгі құрамында үлкен бәсекелестік бар",- деді С. Черчесов. 

Айта кетейік, Нұралы Әліп питерлік командаға 2022-жылдың басында "Қайраттан" ауысып барды. Қазақстандық қорғаушы өткен маусымда "Зенит" сапында 37 ойынға қатысып, 1 гол салған. Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт 2025 жылға дейін. Нұралы Әліптің нарықтық құны   3 миллион еуроны құрайды.