Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері, қазіргі таңда Грозныйдың "Ахмат" клубын жаттықтырып жүрген Станислав Черчесов "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді.
"Қазір бәрі 17 жастағы Сәтпаев туралы айтып жүр. Ол жақында “Челсимен” келісімшартқа қол қойды. Айта кетсем, ол бізде де бақылауда болған. Бұл ойыншы жайлы алғаш маған ұлттық құраманың менеджері Ғани Қайназаров айтты. Мен әрқашан өзімнің бапкерлер тобынан сұраймын: “Назар аударуға тұрарлық жас бар ма?” — деп. Сонда ол: “Бар бір жігіт, қарап көріңіз” деді. Көрген сәттен-ақ оның ерекше екенін түсіндім. Бірақ, өкінішке қарай, менің кезеңімде ол дебют жасап үлгермеді. Сол кезде ол “Қайраттың” екінші құрамасында ойнап жүрген, ал негізгі командада енді ғана көріне бастаған еді." — деді Черчесов.
Біздің серіктес: FONBET