Жарнама
Жарнама

Станислав Черчесов: “Соңғы жарты жылда Қазақстан құрамасының жанкүйері болдым”

Қазақстан құрамасының бапкері Станислав Черчесов “Чемпионат” тілшісіне сұқбат берді. 

Жарнама
Жарнама
  • Неліктен Қазақстан құрамасының ұсынысын қабыл алдыңыз?
  • Ұсыныс қайдан келгенін ашып айтпай-ақ қояйын. Мен өзіме тансық емес жақта жұмыс атқарғым келді. Ешкімге қарсылығым жоқ. Бірақ екі жыл бұрын мен Венгрияда қызмет атқардым. Ал онда жұмыс жасау үшін ағылшын тілі керек етін. Орыс тілді мемлекетте өз бағымды сынап көргім келді. Қазақстан орыстілді ел. Барлығымыз бір кеңес одағынан тарадық.
    Қазақстан ұсынысын қабыл алуда Әділет Бәрменқұловтың зор ықпалы болды. Екі сағаттық кездесуде президент құраманың мақсаты мен міндеттерін маған жақсылап таныстырды. Магомед Аидевпенде ақылдаса келе, бұдан асқан жақсы нұсқа жоқ екенін түсіндім. 

 

  • Сізге көмектесетін бапкерлік штабтың құрамы қандай болмақ?
  • Осы мәселе бойынша ақылдасудамыз. Өз ойым, құрамада осы уақытқа дейін қызмет жасап келе жатқан мамандар қалса екен. Олардан біз, біз оларға тәжірибе алмасу арқылы діттеген мақсатымызға жетеміз деген ойдамын. Мен барған, жаттықтырған ұжымдарда сондай болатын.

 

  • Магомед Адиев құрама тарихында өз есімін жазып кетті. Сізде Қазақстан командасының тарихында қалғыңыз келе ме?
  • Соңғы жарты жылда Қазақстан жанкүйер болдым. Ойын өткізген сайын мен Магомед Адиевті құттықтап, тілегімді жолдап отырдым. Әзірге дөп басып ештеңе айта алмаймын. Бірінші турнирлердегі тобымызды біліп алғанымыз жөн. Содан кейін нақты бірнәрсені айта аламыз. Мән-жайды білмей барлығына уәде бере беруге болады. Қазір құрама Алматыда жаттығып жатыр. Астанада жөндеу жұмыстары болғандықтан, жасаңды командаға басымдық беретін стадионнан ажырап қалдық. Не болсада Ұлттар Лигасына жоғары дайындықпен баруымыз керек.

 

  • Құрама алдында нақты бір жоспар жоқ па?
  • Жоспар мен талапты Бразилия құрамасына қоюға болады. Бұл - Қазақстан құрамасы. Әлі маған команданың мүмкіндіктері беймәлім. Мендегі мақсат - ұжымның ұтымды қырларын ашу.

     
  • Сіздің “Пари НН” клубын жаттықтырады деген ақпарат шындыққа жанаса ма?
  • Мүлдем! Мен ешқандай қосымша ұжымды жаттықтырмаймын. Сіздің сөзіңізге қосымша ретінде маған “Спартакта” қызықпағанын тілге тиек етемін. Барлық әріптестеріме сәттілік. Мен басқа командаға қызмет жасамаймын. 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: