Қазақстан құрама командасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар Лигасындағы қарсыластардың деңгейін бағалап, жанкүйерлер қолдауының маңыздылығына тоқталды.
«Аустрия жақсы команда. Жалпы, біздің топтағы ұжымның барлығының деңгейі жоғары деуге болады. Біз Аустрияға қарсы ойында осыған дейінгі дәстүрді бұзып қана қоймай, спорттық жарыстардағыдай алғашқы ысқырық шалынған соң өзіміздің мүмкіндіктерімізді іздейміз. Аустрияның кілтін табуымыз керек. Өзіңнің деңгейіңді дұрыс бағалау маңызды. Себебі, әлсіз-осал тұстарыңды білгенде ғана ойынға дайындық жасай аласың. Қалай дегенде де ертеңгі ойынға жанкүйерлер көптеп жиналып қолдауын аямайды деп үміттенеміз. Біз үшін бұл өте маңызды», - деді ұлттық құрама бас бапкері.
Қазақстан құрамасы әзірге өз тобында соңғы орында. Қоржынымызда Норвегиямен өткен кездесуде еншілеген бір ұпай ғана бар (0:0). Ұлттық команда ертеңгі ойыннан соң 17-қарашада Норвегиямен кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET