«Ливерпульдің» сұрмерген шабуылшысы Дэниел Старридж қаңтардың аяғында толық айығып үлгереді. Бұл туралы мерсисайдтықтардың бас бапкері Брендан Роджерс хабарлады.
Естеріңізде болса, форвард алаңға соңғы рет өткен жылдың тамыз айында шыққан болатын. Ол кезде «Ливерпуль» лондондық «Тоттенхэммен» (3:0) кездесті. Содан кейін Англия құрамасының ойыншысы алаңға қарашада шығуы мүмкін еді, алайда Старридждің белі сыр беріп, ем алу уақыты одан сайыс ұзарды.
Кеше ғана алғашқы жаттығуын өткізген футболшы «Твиттер» әлеуметтік желісінде өз көңіл-күйін білдірді: «Клубтастарыммен жаттығудағы алғашқы күнім, мен – бақыттымын».