"Қайрат" қақпашысы Стас Покатилов Конференция лигасының топтық кезеңінің бірінші турында кипрлік "Омонияға" қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді.
- Еурокубок аясында өтетін матч қарсаңында команда өзін қалай сезінуде?
- Бізде белгілі бір толқу бар, бірақ біз дайынбыз. Бұл әр ойыншы үшін, әсіресе "Қайрат" үшін мереке - бұл еурододаның топтық кезеңіндегі алғашқы тәжірибе болғалы тұр. Біз жанкүйерлердің бұл ойынға қатысатынына қуаныштымыз. Бұл біз үшін жақсы көмек болады.
- "Ордабасымен" болған ойындағы жеңіліс командаға қалай әсер етті. Бұл ертеңгі ойынға қаншалықты әсер етеді?
- Қиын болды. Бұл чемпиондық үшін күрес тұрғысынан маңызды ойын болды. Әр матчқа ерекше көзқараспен шығу қажет. Біз бұл жеңілісті ұмытып та кеттік.
Біздің серіктес: FONBET