Жарнама
Жарнама

Стас Покатилов «Қайраттан» кетті

19.01.2022, 18:56
Қазіргі уақытта Покатилов «Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының 29 жастағы қақпашысы Стас Покатилов «Қайратпен» қоштасты.

«Барлығы үшін рахмет! Қайрат Советайұлына ерекше алғыс айтамын, сіз мен үшін көп нәрсе істедіңіз. Сәттілік және жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілеймін», - деп жазды қақпашы әлеуметтік желіде.

Стас Покатилов «Қайрат» сапында 2016 жылдың шілдесінен бері өнер көрсетіп келеді. Ол алматылық клуб жейдесінде 159 матч өткізіп, 150 гол жіберіп алған. 32 ойында ол команданы капитан ретінде алаңға бастап шықты.

Қазіргі уақытта Покатилов «Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров