Статистикаға сүйенер болсақ, Луис Суарестің "Барселонаға" пайдасы көңіл көншітерліктей емес
07.01.2015, 19:23
Жарнама
Жарнама
Уругвайлық ойыншы Барселонаға 81 миллион еуроға келді, бірақ ол өзiнiң трансферлiк
құнын ақтай алмай келеді. Суарес Барселонаға келгеннен кейін клубтың
жағдайы нашарлап кетті. Бұл әрине статистика нәтижесінде туған ойлар.
Ұпай саны
Луис Суарес Әлем Чемпионатындағы алған жазасынан кейін, Испания
Чемпионатының бастапқы 8 турын жiберiп алды. Суарестiң көмегінсiз
Барселона статистикалық көрсеткіш бойынша 91% ұпай жинады, ал уругвайлық
командаға қосылғаннан кейін 59% жинады. Ливерпуль клубының экс-ойыншысы
Луис Суарес көк-анарлардың сапына қосылғаннан кейін Реал Мадрид,
Сельта, Реал Сосьедад клубтарын жеңе алмады, тiптi Хетафеге қарсы ойында
тең ойын көрсетті.
Голдар саны
Суарес келмей тұрып Барселона қарсыластарына көп гол соқты. Уругвайлық командаға
қосылғаннан кейін аз гол салатын болды. Суарес клубқа қосылмай тұрып
команда орташа есеппен ойын сайын 2,75 голдан соғып отырған, ал Суарес
қосылғаннан кейін ойын сайын орташа есеппен 2,1 голдан соғатын болды.
Луис Суарестiң мақтанатын көрсеткіші - нәтижелі пастары: ол 9 ойында 5 рет
нәтижелі пас берген. Бірақ Луис Суарестi Барселона гол соғу үшін 81
миллион евроға сатып алды, ал бұл форвард бұрынғы гол соғатын қалпында емес.