Жарнама
Жарнама

Стерлингтің Чехия қақпасына соққан жалғыз голы Англияға жеңіс сыйлады

23.06.2021, 13:55
Англия нәтижесіз ойын көрсетіп, өз тобында бірінші орынмен плэй-офф кезеңіне шыққан алғашқы команда атанды.
Жарнама
Жарнама

Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 3-туры аясында Чехия құрамасы Англиямен кездесті. Матч Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтіп, 1:0 есебімен ағылшындар жеңіске жетті.

Ойынның 12-минутында Англия құрамасының шабуылшысы Рахим Стерлинг қақпаға басымен соққы бағыттап, матчтағы жалғыз әрі жеңісті голды соқты. "Арсенал" қорғаушысы Букайо Сака матчтың үздік ойыншысы атанды.

Осылайша, Англия 7 ұпай жинап, Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Чехия құрамасы 4 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша Хорватиядан кейінгі үшінші орынға тұрақтады. Осыған қарамастан Чехия құрамасы да турнирдің плей-офф кезеңіне өтті, өйткені олар өз топтарында үшінші орын алған Украина мен Финляндия құрамаларына қарағанда көп ұпай жинады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров