Жарнама
Жарнама

Стойлов: "Еншілеген ұпайды бүкіл Қазақстанға арнаймыз"

04.11.2015, 18:12
Жарнама
Жарнама
"Астананың" бас бапкері шәкірттерінің батылдығын да атап өтті.  Чемпиондар Лигасында ел намысын абыроймен қорғап жүрген "Астана", кеше Сарыарқаның төрінде атағы жер жарған "Атлетиконың" аяғынан шалып, қазақ футболымен санасу керектігін көрсетіп берді. Осыған орай, Стойлов Қазақстан халқын айтулы оқиғамен құттықтап, матч жөнінде өз ойымен бөлісті.
Команданың әрбір футболшысы алаңда бар күшін қалдырды десем артық айтпаспын. Қарсыластан сескенбедік. Лайықты қарсылық көрсеттік. Жігіттер алаңда қасық қаны қалғанша шайқасты. "Атлетикоға" қарсы алғашқы ойында клубтың алдына қойған жеке мақсаттары болса, бүгін ел футболының беделін ойладық. Сол үшін барымызды салуға міндетті едік. Еншілеген ұпайды бүкіл Қазақстан халқына арнаймыз. 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров